Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда тұрғын үйлердің ауласын еріген қар суы басып қалды

Фото: Lada.kz

Мұнайлы ауданында қар еріп, аулаларды су басып жатыр.Үйлері мен аулаларын су басқан тұрғындар 100 шақты арыз түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері су басуға байланысты 100 өтініш тіркелген. Оның ішінде кейбір өтініштер бірнеше рет қайталанған.

“Көп жағдайда тұрғын үйлер мен аулалар маңында су уақытша жиналып қалады, алайда баспаналарға айдарлықтай зиян келмеген”, – дейді шенеуніктер.

25 қаңтардағы жағдай бойынша Қызғалдақ көшесінде орналасқан алты тұрғын үй, сондай-ақ ауылдық округтегі 75 үйдің ауласын су басқан.

Әкімдік су басқан аумақтарда суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл мақсатта арнайы сорғылар пайдаланылып, дренаж жүйелері жұмыс істеп тұр.

Маңғыстауда тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды (1)

Фото: Lada.kz

Аулаларды су басқан жағдайда Мұнайлы ауданының тұрғындары +7 (702) 591-11-60 байланыс нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа алады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 08:48