Маңғыстауда күн электр станциясы салынады: Жобаға қанша қаражат жұмсалады
Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында 20 МВт күн электр станциясы салынып жатыр. Шетпе кентінде іске асырылып жатқан жоба туралы Бейнеу ауданы әкімдігі есеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Құрылыс алаңын аудан әкімі Ғалымжан Ниязов аралады. Ол мердігер "Stellar Energy" компаниясының өкілдерімен кездесті. Осылайша жобаның орындалу барысын, құрылыс кестесі мен станцияның болашақ функцияларын талқылады.
Компания басшылығы бұл жобаны жүзеге асыруға 5,678 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. Құрылыс жұмыстары енді ғана басталып, маусым айында аяқталады.
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
“Қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі бар. Сол себепті мұны ең қажетті инвестициялық жобалардың бірі деп есептеймін”, – деді Ғалымжан Ниязов.
Құрылыс кезеңінде 100 жергілікті тұрғынды, станция толық іске қосылғанда 10 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай ғарышта күн электр станциясын салатыны туралы жазған едік.