Маңғыстауда газ өңдеу зауытының басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді.
“Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
2023 жылдың ақпан айында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры қызметіне Болат Байшуақов тағайындалған.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда тау етегіндегі құрылыстарға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталғаны туралы жазғанбыз.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"