Маңғыстауда ер адам қызды интимді суреттерімен бопсалап, ақша талап еткен
Фото: Polisia.kz
Маңғыстау облысында 26 жастағы жәбірленуші әлдекімнің өзін интимдік суреттермен бопсалап, ақша талап етіп жүргенін айтып, полицияға жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Polisia.kz порталының мәліметінше, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.
“Күдікті 17 қаңтарда WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді”, – деп мәлімдеді полиция.
- "Кәмелет жасына толмаған қыздарды ертіп келуді талап еткен": Түркістанда ер адам 15 жастағы оқушыны зорлап, бопсалады деген күдікке ілінді
- Қыз екен деп ойлап, алаяқтарға интимдік фото жіберген: Жасөспірім жыныстық бопсалаудан кейін өзіне қол салып көз жұмды
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты