Маңғыстауда әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды
Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы реанимация орталығының мәліметінше, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша науқастың жағдайы өте ауыр.
“Ер адам тыныс алуын сақтау үшін жасанды желдету аппаратына қосылған”, – делінген хабарламада.
Дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айтпайды.
- Керосин құйып, өртеп жіберген: Алматылық әйел 66 жастағы күйеуін қатігездікпен өлтірді деп айыпталды
Айта кетейік, бұған дейін 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберген еді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"