Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 19 жастағы сарбаз өлімі: Қылмыстық іс бойынша сот ашық өтіп жатыр

Астанада Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімі зениттік артиллериялық взвод командирі Дамир Досовтың соты өтіп жатыр. Ол 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақындарының жеке мұрағаты

22 жастағы гвардия лейтенанты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталып жатыр. Ол 2024 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысындағы әскери полигонда 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінген.

Сот отырысы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында өтіп жатыр. Марқұмның отбасының адвокаты Азамат Сағалдың айтуынша, іс ашық түрде қаралады.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 7 қыркүйегінде болды. Әскери оқу-жаттығу өтіп жатқан Оймаша полигонында 25744 әскери бөлімінің взвод командирі жауынгерлік тапаншадан оқ атқан. Оқ сарбаздың басына тиген.

Марат Барқұлов ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға апарар жолда мерт болды. Марқұмның отбасы бұл абайсызда болғанына сенбейді. Сарбаздың әкесі ашық тергеу жүргізуді өтінген.

Әскерге шақырылған азамат мерт болғаннан кейін қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Талқылау