Әр адам 49 келі ет жейді: Мамандар қай аймақтың тұрғындары етті көп тұтынатынын айтты
Сарапшылар Қазақстанның қай өңірінің етті көбірек тұтынатынын есептеді. Нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғындары етжегіштер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Статистика бойынша әрбір қазақстандық жарты жылда орта есеппен 40 келіге жуық ет жейді.
Ал әр маңғыстаулық тұрғын орта есеппен 49 келі ет тұтынады. Жамбыл және Атырау облыстары сәл артта қалды. Ал етті ең аз жейтін өңір Түркістан мен Шымкент екен.
Негізінен қазақстандықтар сиыр етіне басымдық береді. Одан кейін – жылқы еті. Ал қой еті сұранысқа ие емес ет екен, тіпті оны тауық етінен де аз тұтынады.
Талқылау