Маңғыстау облысында сарбаз оқ жарақатынан қаза тапты

Фото: Қорғаныс министрлігі
Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" полигонында өткен жоспарлы атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметкер қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің мәліметінше, 17 ақпанда Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты мерзімді әскери қызметкер қарумен жұмыс істеу барысында алған оқ жарақатынын қаза тапты.
"Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді. Сонымен қатар бас әскери прокурор, ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің бастығы барды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Істің тергелу барысы бас прокуратура тарапынан бақылауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.
- "15 жылдық еңбегіне суицид жасады деп таңба басты": Аягөзде әскеридің өлімі бойынша сараптама өз-өзіне қол салу дерегін жоққа шығарса да, іс қозғалмай қойған
-
Қорғаныс министрлігі әскерде өз-өзіне қол жұмсау дерегі азайғанын айтты
Еске салайық, күні кеше ғана Жамбыл облысында әскери гарнизонда сарбазға күш қолданып жағын сындырғанын жазған едік. Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбазға күш көрсетілгенін хабарлаған. Алдын ала дерек бойынша, соның салдарынан оның жақ сүйегі сынған. Қазір сарбаз Алматыдағы әскери-клиникалық госпитальде ем алып жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты