Маңғыстау облысында жол апатынан 6 Өзбекстан азаматы қаза тапты
Маңғыстау облысындағы жол апатында 6 Өзбекстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Жол апаты 16 қазан күні таңғы сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac көлігі жол жиегінде тұрған MAN жүк көлігіне соғылған. Жүк көлігі жол жиегінде шекарадан өту үшін кезекте тұрғаны тұрғаны анықталды.
Ақтөбеде жол апатында отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды
"Көлікте барлығы 10 адам болған. Олардың төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастар толық көлемде қажетті ем алады. Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты”, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ жол апатына қатысқан көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгені, қаза тапқандар мен зардап шеккендер Ресей Федерациясынан келе жатқан Өзбекстан азаматтары екенін алаңдады.
Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ауа райы күрт бұзылып, бір түнде 146 жол апаты тіркелгені туралы жазған едік.