Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты

жасөспірім қаза таптыФото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, төбелеске он бес адам қатысқан. Оның төртеуі қамауға алынып, қалғандарына басқа жаққа шығуға шектеу қойылған.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру арқылы адам өліміне әкеп соқтыу) және 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ұсталғандардың ата-анасы полицейлердің балаларға қатыгездік танытқанын айтып, арыз жазған.

“Қазір департамент, сотқа дейінгі тергеу бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі. Қазір кешенді сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Оның қорытындысы бойынша жәбірленушінің неден қайтыс болғаны анықталады. Оның жасөспірімдердің соққысынан немесе көліктің қағуынан көз жұмғаны, сосын белгілі болмақ. Содан кейін ғана жасөспірімдерге нақты әрі дұрыс құқықтық баға беріледі", – деді Маңғыстау облысы прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 12:08
Талқылау