Маңғыстау облысында полиция департаменті алтын жалатылып, бұзау терісінен жасалған 180 дана сағатқа тапсырыс берген
Маңғыстау облысы полиция департаменті құны екі миллион теңге тұратын алтын жалатылған әйелдерге арналған 80, ерлерге арналған 100 сағатқа тапсырыс берген. Хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Маңғыстау облысы полиция департаменті/Lada.kz
Сайтта жарияланған хабарландыруда тапсырысқа жасалып жатқан сағаттың қанедай болу керегі жазылған. Маңғыстау облысы полиция департаменті сипаттамада “сағат алтын жалатылған, суға төзімді болу керек, белбеуі бұзау терісінен жасалу керек” деген талап қойған.
“Механизм - жапон/щвейцариялықтан жаман емес. Механизмнің түрі – кварц. Сырты PVD Gold (алтын), қапталған (титан нитрид + 10 микрон алтын). Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан жасалған. Шынысы - минералды, сызаттарға төзімді. Су өткізбейтін - кем дегенде 5 АТМ. Шаң/ылғалға төзімді. ( ... ) Циферблат – ақ эмаль, дөңгелек, диаметрі кемінде 30 мм, өріс өндірушінің жазулары мен эмблемаларынан таза. Бауы: аллергияға қарсы жабыны бар былғарыдан (бұзау), қара/қоңыр, қара/қоңыр жіптермен тігілген", - деп жазылған хабарламада.
Әр сағаттың құны 11 000 теңге тұрады. Ал мемлекеттен 180 дана сағатқа 2 миллионға жуық қаржы бөлінбек. Әйелдерге арналып жасалатын 80 дана сағаттың бағасы 880 000 теңге,100 дана ерлер сағаты 1 100 000 теңгеге бағаланып отыр.
Тапсыпырыс беруші әр сағаттың әдемі қаптамада болуын талап еткен.
“Қорап қызыл/қара рептилияның терісінен жасалуы тиіс немесе қорап қызыл/қара түсте лакталған болу керек. Әр сағатта төлқұжаты мен сертификаты болуы тиіс. Сағаттың артқы жағында лазермен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің" логотипі және техникалық спецификацияда жазылғандай "Маңғыстау облысы полиция департаменті" деген жазу болу керек”, – делінген сипаттамада.
Маңғыстау облысы полиция департаменті бұл сағаттардың мереке күндері құқық қорғау органдарының құрметті қызметкерлері мен ардагерлеріне берілетінін мәлімдеді. Айтуынша, тапсырыс берілген сағаттарда айтарлықтай ешқандай ерекшелік жоқ.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құны 800 мың теңге тұратын былғары плащқа тапсырыс берген еді.