Маңғыстау облысында қонақтар үйлену тойында төбелес шығарған (видео)
Желіде тойды төбелеске айналдырған маңғыстаулықтардың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
17 қарашада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тойханада тойдың барысында төбелес болды. Алғашында адамдар жігіттерді ажыратпақ болды, бірақ арты дауға айналды.
Тойдағы жанжалдың неден басталғаны ешкімнің есінде жоқ, бірақ қонақтар жаппай төбелесті өз бетімен тоқтата алмады. Сол үшін оқиға орнына полиция келді.
"Полиция екі ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды. Сонымен қатар түнде ойын-сауық мекемесінде қараусыз жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің өкілдері де жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Маңғыстау полициясы.
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ