Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында Каспий жағалауындағы жер телімі кәсіпкерге заңсыз берілген

жер

Фото: Pixabay.com

Маңғыстау облысында прокуратура мемлекетке 90 мың гектардан астам жерді қайтарды. Маңғыстау облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл қадағалау актілерімен мемлекет меншігіне жалпы аумағы 91 мың гектар, құны 800 миллион теңге 87 жер учаскесі қайтарылды. Жер учаскелерін заңсыз беру және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау фактілері анықталды.


Құлыбаевқа тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды


Алматы әкімдігі "Атакентте" тұрғын үй кешенін салмақ болған жерді қайтарып алады


Қалалық әкімдік "И" ЖШС-ге игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектар жер бөлген. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекетке игерілмеген 83 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер қайтарылды. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына сәйкес келмеген, яғни жер учаскелерінің іс жүзінде пайдаланылмағанын көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 16:48
Талқылау