Маңғыстау облысында бес құрылыс нысаны сүрілді
Маңғыстау облысында бес құрылыс нысаны сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз салынған ғимараттарды бұзу және заңдастыру бойынша сотқа барлығы 32 талап-арыз түскен.
Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, қазір 29 талап бойынша ғимараттарды бұзу туралы шешім шығарылған.
"Қазіргі таңда сот шешімімен бес нысан мәжбүрлі түрде сүрілді", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін алдағы уақытта облыс прокуратурасы уәкілетті органдардан жер телімдерін заңсыз беруді болдырмау және жою аясындағы шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуды сұрайды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі