Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау атом зауыты қызметін қолдауға 5 миллиард теңге бөлінді

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы "МАЭК" ЖШС қызметін қолдауға үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: maek.kz

Үкімет баспасөзінің дерегінше, қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталатын болады. Бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"2023 жылдан бастап кәсіпорынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге және жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаларды іске асыру көзделген. Олар қазандық агрегаттарын, резервтік қорғау және автоматика жүйелерін, сондай-ақ электр энергиясын басқару мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жаңғыртуды қамтиды", –делінген хабарламада.



Айта кетейік, "МАЭК" – Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауыз су, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысының ірі энергия кешені.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда АЭС құрылысын талқылауға жиналғандардың пікірі екіге бөлініп, жиынға қатысушылар жанжалдасып қалды. Саясаттанушы Марат Шибұтов АЭС салуды жақтады. АЭС салу керек деген топ Қазақстанда энергия тапшылығы барған сайын ушыға беретінін және бұған балама бола алатын тұрақты энергия көзі, жел мен Күн энергиясы өндіретін қуат тұрақсыз екенін айтты.

Талқылау