Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты Ақтаудағы су деңгейінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді

Ақтаудағы орталық сумен жабдықтау торабында су өте төмен деңгейде. Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мұның себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі InАktau порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maek_zhshs

Қазір МАЭК-те суды тұщыландыратын 8 қондырғы жұмыс істеп жатыр. Олардың максималды өндірісі 46 мың текше метрге тең. Бұл максимумнан 6 мыңға төмен. МАЭК-те су өндіру теңіз суының температурасына байланысты төмендеді.

“Кейінгі күндері сыртқы ауа температурасы 40-42 градус, теңіздегі судың температурасы да артып келеді. Судың бұл температурасы тұщыландыру процесіне әсер етеді. Қазір өндіріс тәулігіне 46 мың текше метр болады. Біз үшін теңіз суының оңтайлы температурасы +15...+16 градус болар еді", – дейді "МАЭК" ЖШС директорының бірінші орынбасары Сәбит Желкүшінов.

Қазір ОСЖТ-4 су қоймаларында 3,4 мың текше метр су бар. Ең төменгі деңгей 3 мың текше метрге тең. Коммуналдық қызметтер үнемдеу режиміне кірді. Қазір резервуарларға су жиналып жатыр.

Талқылау