Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы жылдың қорытынды турнирінде сүрінді
Фото: ҰОК
Жапонияның Нагоя қаласында мәнерлеп сырғанаудан жылдың қорытыныды турнирі Гран-при финалы өтіп жатыр. Айтулы додада ең мықты алты спортшы жиналып, жылдың үздік мәнерлеп сырғанаушысын анықтауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олардың қатарында Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан көшбасшысы Михайл Шайдоров бар. Ол екі мәрте қорытынды жарыстың жолдамасына ие болды.
Отандасымыз мұз айдынға Италия елінің өкілі Даниеэль Грассллен кейін шықты.
Алайда ол қысқа бағдаралама да өнер көрсеткен сәтінде құлап қалды. Бұған қоса тағы бір күрделі элементті орындау сәтінде өрескел қателік жіберді. Нәтижесінде Михаил Шайдоров жүлдеге таласу мүмкіндігінін қағылды.
Қысқа бағдарламаның нәтижелері (ерлер):
- Юма Кагияма (Жапония) – 108,77
- Шун Сато (Жапония) – 98,06
- Илья Малинин (АҚШ) – 94,05
- Даниэль Грассль (Италия) – 94,00
- Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 78,49
- Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 71,30
Айта кетейік, Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар 2025 жылы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге ие болған. Сондай-ақ Төрт құрлықтың басты додасында алтыннан алқа тағып, араға 10 жыл салып даңқты Денис Теннің ерлігін қайталаған еді.
Енді спортшылардың еркін бағдарламасы 6 желтоқсанда өтеді.
"Марғаулар азаппен өліп жатыр": Астанада 80-ге жуық адамға ауру мысық сатқан әйел қылмыстық іс қозғалса да әлі ісін жалғастырып келеді

