Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды
Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы әлем чемпионатының қатысушылар тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж Спортты дамыту дирекциясы
Байрақты бәсеке 25-30 наурыз аралығында АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. Бұл турнирде Қазақстан атынан жекелей сырғанауда екі спортшы өнер көрсетеді: Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина.
Айта кетейік, Софья Самоделкина бұған дейін Ресей мемлекетінің атынан сынға түскен еді. Қазір спортшы Қазақстан құрамасының туы астында өнер көрсетеді. Софья Бостондағы әлем чемпионатында жекелей сырғанауда жүлде үшін таласады.
Михаил Шайдоров әлем чемпионатына 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы ретінде қатысады.
Талқылау