Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы 100 000 орындық жаңа стадион салады

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубы "Олд Траффорд" стадионының жанында 100 000 орындық жаңа стадион салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: x.com/ManUtd

Клуб "Олд Траффорд" ауданын жаңғырту жобасы аясында 100 мың көрермен сыятын арена салуды жоспарлап отыр. Сейсенбі күні Foster + Partners сәулет бюросы болашақ стадион мен оған іргелес аумақтың концептуалды суреттерін ұсынды.

Жаңа стадион Ұлыбритания экономикасына жылына 7,3 миллиард фунт стерлинг табыс әкеледі деп күтілуде. Бұл жоба 2 миллиард фунт стерлингке бағаланып, Траффорд Парк аймағын қайта жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа стадион аясында 92 мың қосымша жұмыс орнын ашуға және 17 мың жаңа үй салуға мүмкіндік береді.

Құрылыс барысында "Манчестер Юнайтед" өз ойындарын "Олд Траффордта" өткізуді жалғастырады.

Талқылау