"Манчестер Сити" клубы Өзбекстан футболшысынан бас тартты
Англиялық "Манчестер Сити" футбол клубы француздық "Ланс" клубының ойыншысы өзбек Абдукодир Хусановты өз қатарларына қоспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zamin.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram.com/abdukodir_khusanov_
20 жастағы өзбекстандық қорғаушыны ағылшын клубы 50 миллион еуроға жуық қаражатқа сатып алмақ болған еді. Дәл осы жаңалық соңғы бір аптада әлемдік БАҚ беттерінде желдей есті.
Алайда инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, "Манчестер Сити" Хусановтың орнына Бразилия ойыншысы Витор Рейсті 40 миллион еуроға сатып алмақ. Қазір 19 жастағы жас ойыншы өз отанында "Палмейрас" клубында өнер көрсетеді.
Витор Рейс осы аптада "қалалықтар" сапына қосылу үшін медициналық тексеруден өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Осы маусымда бразилиялық қорғаушы 38 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Transfermarkt порталы Витордың құнын 14 миллион еуроға бағалайды.
Талқылау

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"