Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"МӘМС-тің ақшасына ашады": Алматыдағы дәріханада есірткінің түр-түрі сатылып жатыр деген ақпарат тарады (видео)

Әлеуметтік желіде Алматының Алмалы ауданындағы дәріханалардың бірінде есірткі сатып жатықаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Egov.press Telegram арнасында полиция қызметкерлерінің көшедегі ер адамды ұстап, тергеп жатқан видеосы жарияланды. Видеодағы ер адамның айтуынша, дәріханалардың бірінде есірткінің түр-түрі сатылып жатқан.

“Мына дәріханадан алып жатырмын. Бұлар сатпай қойған соң полиция қызметкерлері мені ұстап, қайда апара жатқандарын білмеймін. Мен мас емеспін, саумын. Есірткінің бәрін сатып жатыр. Бірінші дәріхананы жауып алып, маған кел”, – дейді видеодағы азамат.

Кейін тұтынушының сатушыдан “тропикамид” тамшыларын сатуды талап еткені анықталды. Істің мән-жайын анықтау үшін жанжалға қатысы бар адамдар полицияға жеткізілді.

“Жеткен жеріміз осы болар”, “Осыған қарамастан көлік айдап жүр”, “МӘМС-тің ақшасына дәріхана ашады, есірткі сатады. Дариға қуанып жүр”, “Сол үшін заңды өзгерту керек. Құқық бұзушылық анықталған кезде-ақ дәріхананы лицензиясынан айыру қажет”. “Тропикамид есірткі емес, ол нашақорға өзі қалаған әсерді береді. Олар сондықтан оны сатып алады. Препарат рецепт бойынша сатылады”, – деп жарыса жазды желі қолданушыларды.

Болған жағдайға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді. 

“Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Тропикамид – бұл М-антихолинергиялық агенттер тобының фармакологиялық агенті. Ол көз тамшылары түрінде бәріне қол жетімді. Ол офтальмологияда көзді зерттеу үшін кеңінен қолданылады, өйткені ол қарашықты қысқа уақытқа кеңейтіп, линза қисайған жағдайда ондағы өзгерістерді бөгей алады. Тамшылар көз камераларындағы құрысуды, қабынуды және адгезияларды емдеу үшін тағайындалады.

Талқылау