МӘМС-ке өзгерістер енгізілді: Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Фото: Яндекс карты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Заң денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар негізгі өзгерістерді көздейді. Оларға мыналар жатады:
- медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
- медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және үйлестіруді күшейту мақсатында бірыңғай медициналық қызметтер топтамасын қалыптастыру;
- халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамтуды кеңейту;
- азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірлескен қатысуы есебінен денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- аурулардың алдын алуды және ерте диагностика жасауды жетілдіру арқылы емдеу ауыртпалығы мен құнын азайту;
- медициналық ұйымдарды сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге ынталандыру;
- медициналық көмекті қаржыландыру саласында ашықтық пен есептілік механизмдерін енгізу.
Заңмен ресми тіркелген жұмыссыздардың, дағдарыс және төтенше жағдай санатындағы адамдардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ететін нормалар енгізіледі. Бұл ретте міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекет жарналарының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өзгереді.
Айта кетейік, бұған дейін МӘМС-ке төлем жасамайтын азаматтар Қазақстанда тегін ем ала алатыны туралы жазған едік.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
