Мамыр айының басында Жерде магнит дауылы болады: Дәрігер қазақстандықтарға кеңес берді
Фото: depositphotos.com
Мамыр айының басында Жерде магнит дауылы болады деп болжанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы мен күн-жер физикасы институтының мәліметінше, мамыр айының басында күннің ерекше белсенділігі байқалады, бұл магнит дауылдарына себеп болады.
Болжамға сәйкес, 2 мамырда толыққанды магнит дауылы болады. Одан кейін қысқа мерзімді салыстырмалы тыныштық кезеңі болады деп болжанған, алайда 5, 6 және 7 мамырда қайтадан күн желінің соққылары болады, бұл G1 деңгейіндегі дауылға әкелеуі ықтимал.
Алматы қаласындағы №36 емхананың бөлім меңгерушісі Қарлығаш Қалиева қазақстандықтарға осы кезеңде демалысқа көбірек уақыт бөлуге кеңес берді.
"Біздің ағзамызда электрлік өрістер бар. Сол себепті магнит дауылдары денемізге әсер етуі мүмкін. Магниттік өрістің тербелістері секундына 1-2 рет болады, бұл біздің жүрек қағысымызға сәйкес келеді. Диспансерлік есепте тұратын созылмалы аурулары бар науқастар бұл магнит дауырдарын сезінуі мүмкін. Міндетті түрде жұмыс пен демалыс тәртібін қадағалау керек. Көбірек демалу қажет", – деді дәрігер КТК арнасына берген сұхбатында.
Дәрігерлердің айтуынша, магнит дауылдары ең алдымен жүрек аурулары бар науқастардың денсаулығына әсер етеді. Мамандар жүрек талмаларының шамамен 70%-ы осындай геомагниттік бұзылулар кезінде болатынын айтады.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
