Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар күннен қорғайтын SPF кремді қолдануда жиі жіберетін қателіктерді атады

Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (FDA) күннен қорғайтын SPF кремді пайдалану кезінде адамдардың жиі жіберетін қателігін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HuffPost порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство жоғары температурада SPF-ы бар косметиканы күн сәулесінде немесе жоғары температурада қалдыруға болмайтынын ескертті. Себебі крем жоғары температурада қорғаныс қасиеттерін жоғалтады деп ескертті. 

Ал құрамы өзгерген кремді жаққанда теріге ультракүлгін сәуленің жоғары дозалары түседі. Бұл күйік пен тері қатерлі ісігінің қаупін арттырады. Бұған жол бермеу үшін FDA мамандары кремді салқын жерде сақтауға және оны үйден жағып шығуға кеңес береді. Егер сіз сыртта екі сағаттан артық болуды жоспарласаңыз, кремді контейнерге немесе сөмкеге салып, сыртын сүлгімен ораған дұрыс. Осылайша, кремнің қаптамасында температура баяу көтеріледі.



Сондай-ақ, ведомство адамдардың көпшілігі теріге қорғаныс үшін кремнің жеткіліксіз мөлшерін қолданатынына назар аударды. Жағажайда әр екі сағат сайын алты-сегіз шай қасықтай көлемде өнімді жағу ұсынылады.

Сонымен қатар, күннен қорғайтын кремдерді қолданған кезде басқа қауіпсіздік шараларын да елеу керек. Мәселен, күн шуақты ауа-райында көлеңкеде болып, шляпалар, көзілдірік пен ұзын жеңді жеңіл киім киюге тырысу керек.

STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 14:54