Маман мінсіз жұп болу үшін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы қанша болу керегін айтты

Психотерапевт Элоиза Скиннер жұбайлардың жас айырмашылығы қарым-қатынаста маңызды рөл атқаратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, жас айырмашылығы үш жылдан аспайтын жұптар арасында ең берік әрі үйлесімді қарым-қатынас қалыптасады. Мұндай жұптарда ортақ ұқсастықтар көп. Өмірдің белгілі бір кезеңінде олардың қаржылық мүмкіндіктері мен көзқарастары ұқсас, денсаулық жағдайы да шамалас болады.
Скиннердің сөзінше, жас айырмашылығы айтарлықтай үлкен жұптарда бақыт пен қанағат сезімі әлдеқайда тез азаяды.
"Жас айырмашылығы үлкен жұптарға бір-бірін түсіну қиын болады. Әрине, жастары шамалас адамдардың да қарым-қатынасы бұзылып жатады. Бірақ ондай жағдай сирек кездеседі", – деді ол.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі