Маман миды жасартуға көмектесетін әдетті атады

Фото: pixabay.com
Невролог Байбин Чэн 80–90 жасқа дейін өмір сүріп, ақыл-ойын айқын күйде сақтап қалған адамдардың бәріне тән бір ортақ қасиет барын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің сөзінше, көптеген егде жастағы пациенттерімен сөйлесе жүріп, олардың миды жас сақтап қалуына әлеуметтік белсенділік көмектесетінін байқаған.
“Иә, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі маңызды. Бірақ бұл жандарды біріктіретін негізгі фактор — олардың үнемі адамдармен араласуы. Ұзақ өмір сүретіндерге жүргізілген соңғы зерттеулер олардың миында эмоция, назар және әлеуметтік байланыстарға жауапты алдыңғы белдеулік қыртыс (передняя поясная извилина) жақсы дамығанын көрсетті”, – дейді Чэн.
Неврологтың айтуынша, әлеуметтік қарым-қатынас – ми үшін кешенді жаттығу іспетті. Адам әр жолы біреумен сөйлескенде, бір уақытта есте сақтау, эмпатия, назар, тіл секілді жүйелерге жауапты нейрондық желілер белсенеді.
Сонымен қатар Чэн терең әлеуметтік байланыстар стресс гормоны кортизолды төмендетіп, ал керісінше окситоцин мен дофаминнің бөлінуіне ықпал ететінін атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік