Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман күйзелісті екі минутта жеңудің жолын атады

күйзеліс

Фото: shutterstock

Күйзеліс жағдайында ыңғайсыздық сезіну — қалыпты құбылыс, алайда одан бар болғаны екі минут ішінде арылуға болады. Мұндай тиімді әрі қарапайым әдісті испандық психиатр Алехандро Мартинес 20minutos басылымына берген сұхбатында ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мартинестің айтуынша, бұл жаттығуды кез келген жерде орындауға болады.

"Бұл әдістің тиімділігі – ол тыныс алуды, қозғалысты және жанасуды біріктіреді. Ал бұлар миды тыныштандыруға көмектеседі", — деп түсіндірді дәрігер.

Релаксация үшін маман келесі жаттығуды ұсынады: бір қолдың саусағын екінші қолдың бас бармағының түбіне қойыңыз. Содан кейін бес тау арқылы жүріп бара жатқан көлікті елестетіңіз. Яғни, саусақтарыңызды тауға теңеп, бір саусақтың ұшына дейін екі секундта көтеріліп, мұрынмен терең тыныс алыңыз. Содан соң келесі саусақтың түбіне дейін төрт секундта төмен түсіп, мұрынмен баяу тыныс шығарыңыз.

Осылайша, әрбір саусақпен тыныс пен қозғалысты үйлестіре отырып жаттығу жасау — сана мен денені тыныштандырудың тиімді амалы, дейді маман.

Назархан Уән
Жексенбі, 22 Маусым, 2025 19:11
Талқылау