Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман қатерлі ісіктің алдын алатын ең пайдалы тағамдарды атады

Онколог Елизавета Васильева қатерлі ісіктің алдын алу үшін дұрыс тамақтанған жөн екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: akpars.ru

Маман қатерлі ісіктен сақтайтын өнімдерді атады. Ол ақуызы бар сиыр еті, құс және балық сынды тағамдарды тұтынуды ұсынды. Айтуынша, қой етінен бас тартқан жөн. Өйткені диета ұстағанда майдың артық болуы асқазан мен ішектің сау жасушаларында мутацияны тудыруы мүмкін.

Дәрігер йогурт қосылған сүзбе мен шөп және көкөністермен араластырылған жұмыртқаны таңғы ас кезінде жеуге ұсынды. Маманның сөзінше, бұл тағамдар аминқышқылдарына бай және оңай қорытылады.



"Теңіз балықтарында, жаңғақтар мен өсімдік майларында кездесетін омега-3 майлары да қатерлі ісік қаупін азайтады. Бұл өнімдер холестерин деңгейін бақылауға, метаболизмді жақсартуға және жасушаларды зақымданудан қорғауға көмектеседі. Тұтас дәндерден алынған өсімдік талшығы (қоңыр күріш, сұлы, макарон және жарма нан), көкөністер де денсаулыққа пайдалы. Бұл өнімдерді тұтыну арқылы ас қорытуды жақсартып, ішектерді ісіктердің пайда болуынан қорғайсыз", - дейді маман. 

Васильеваның айтуынша, ісіктің пайда болу қаупін азайту үшін брокколи мен грейпфрут сынды көкөністер мен цитрус жемістерін жеу керек. Брокколиді аптасына екі-үш рет жеу жүрек-тамыр және ас қорыту жүйелерін жақсартады.

Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер пирамидалық шәй пакеттері қатерлі ісікке шалдықтыратынын айтқан еді. 

Талқылау