"Мальдивте арал 2-3 млн доллар тұрады": Нұрлан Қоянбаев халықтан 1380 теңге жинап беруін өтінді
Фото: https://www.instagram.com/koyanbayevnurlan/
Танымал әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кино жұлдызы Мальдивтен арал сатып алғысы келетінін жасырмады.
“Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек", – деп қалжыңдады Қоянбаев.
-
Онлайн тойдан табыс тапқан Сәкен Майғазиевтің қанша теңге салық төлейтіні белгілі болды
-
"8743 адам онлайн көрді": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойынан қанша пайда тапқаны белгілі болды
Желі қолданушылары әзіл ретінде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр.
“Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын", "Бастайық, мен 1 миллион тастаймын", "1 380 теңге қайдан шыққан баға?", "Нұреке алып қойып, ақырын ғана ойнатып жатырсыз-ау”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көру ақысын 1380 теңге етіп бекіткен еді.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
