Малайзияда бүлдіршіндер сүндеттелетіндеріне ерекше қуанады (фото)
Әлемнің түкпірінде сүндеттеу процессі қиын жүзеге асады. Ал Малайзияда жағдай басқаша. Балалар сүндеттелмес бұрын асыр салып ойнап, жаппай өзенге шомылады.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Малайзияда мұсылман бүлдіршіндер жаппай сүндеттелудің алдында өзенге шомылып жатыр. Аталған дәстүрге сай, жыл сайын 5-12 жас аралығындағы ұл балалар піштіріледі. Сүндеттеу – балаларды үлкен өмірге қадам бастырумен тең.
Көптеген елде бұл дәстүрді орындау кезінде, балалар қиналады. Ал Малайзияда жағдай басқаша. Балалар керісінше сүндеттелудің алдында асыр салып ойнап, өзенде шомылады.
Әдетте балаларға наркоз салынып, ота лазердің көмегімен жасалады. Малаязия көп мемлекетті ел болса да, 68 миллион адамның 60 пайызы мұсылмандар.
Сүндеттеу үрдісін кейде “Тахара” деп атайды. Бұл “тазару” дегенді білдіреді.
Исламның басты шарттарының бірі – тазалық. Суреттегі “шара” Малайзияның Куала-Лампур аймағында өтіп жатыр.
Ата-аналар мен достары, бүлдіршіннің тезірек сүндеттеліп, еркін қозғалғанын қалайды.