Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Максим Головкин неліктен өзінің бауырына жол бергенін айтты

Максим Головкин қалай Қазақстан чемпионы атанғаны және неліктен бауыры Геннадий Головкинге жол бергенін айтып берді.

ab057425-1bc4-43ea-be84-52eadb15cc39

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Генадимен екі рет бокстастым, бір рет финалда кездестім, оның бәрі есімде. Басында мен жеңілдім, сосын оның кезегі, осылайша ел чемпионы атандым. Ол кезде құрама қатарына кіру үшін ақша керек еді. Отбасым кедей болды деп айтпаймын, бірақ екеумізге бірдей ақша жетпеді. Ол кезде Генадийдің ынта-жігері жоғары болды. Мен өз мансабымды аяқтап, Генаның тарапына өткеніме еш өкінбеймін”, – деді Максим.

Ол өзінің бауырымен мақтанатынын айтты.

“10-12 жасымызда ауырлықты, қиындықты, қиын жаттығуды, қанды бәрін көрдік. Генадий әлі күнге осыншама жетістікке жеткеніне қарамастан, әлі алға ұмтылады, биіктерді бағындырғысы келеді. Жеңілуді сүймеу бұл біздің қанымызда бар нәрсе”, – дейді ол.

Максим боксшы ретінде мансабын аяқтаған соң, бапкер атанды. Қазір ол өз інісінің командасында.

Оқи отырыңыз:

Елімізде допингпен ұсталған спортшылардан сыйақысын қайтару заңмен міндеттелмек

Головкин Джейкобспен кездесуінің алдында журналистерге арналған ашық жаттығуын өткізді (фото, видео)

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының басшылық қызметіне келді

Жанкүйер сүйікті боксшысына көмектесу үшін рингке шығып кетті (видео)

Талқылау