Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макрон Украина төңірегіндегі оқиғалар Францияға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға "күні ертең" әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығарды. Бірақ ол Ресеймен атысты тоқтату туралы ықтимал келісім жасалған соң, Париждің  Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France 24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Wolfgang Rattay / Reuters

Макрон ертең Украинаға әскер жіберу туралы шешім қабылдамағанын айтты. 

“Оның орнына, келісімге келгеннен кейін бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін күш жіберуді қарастырып жатырмыз”, – деді ол.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамптан Ресей басшысы Владимир Путиннің алдында әлсіздік танытпауды сұрады. 



“Оған: “Президент Путиннің алдында әлсіздік танытпаңыз. Бұл сіздің мінезіңізге жат, визиттік картаңыз емес,  мүдделеріңізге сәйкес келмейді” деп айттым", – деді Макрон. 

Айта кетейік, Трамп дүйсенбіде Вашингтонда Макронмен кездесіп, келесі бейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен келіссөздер жүргізетінін айтқан. Макрон АҚШ-тың Ресейге қатысты саясатының күрт өзгеруі байланысты Францияның қауіпсіздігін күшейтуі керегін айтты. 

"Жаңа дәуірге аяқ басып жатқанымызға сенімдімін. Бұл бізден шешім қабылдауды талап етеді", – деді ол.

Бұған дейін Зеленский Трамп пен Путиннің келіссөзіне қатысты Украинасыз ешқандай шешім қабылданбайтынын айтқан еді. 

Талқылау