Мақпал Жүнісова: “Зың-зың” әнін сынағаныма өкінбеймін (видео)
Күні кеше “Зың-зың” әнінің авторынан кешірім сұраған Мақпал Жүнісова аталған әнді сынағанына өкінбейтінін айтты, деп жазады Stan.kz.
“Осы әуен мүмкін жастарға ұнар, мен өлеңнің сөзіне жыным келген еді, сынағаным үшін өкініп отырған жоқпын”, – деп пікір білдірді Халық артисі.
Желідегілер Мақпал Жүнісованың сөзін қоштай түсті.
“Масқара ғой, мына әнді қазір тыңдап тұрмын”, “Сіздің сынағаныңыз орынды осындай əн бола ма, шынымен мəн-мағынасы жоқ”, “Соңғы шығып келе жатқан əншілерге, сіз сияқты үлкен буындағы əншілер сын айтпағанда кім айтады енді”, – деп пікір білдірді олар.
Алайда аз уақыттан кейін Мақпал Жүнісова аталған жазбасын парақшасынан өшіріп тастады.
Еске сала кетейік, әнші Серік Ибрагимов қайғылы хабарды елге хабарлап, “Зың-зың” әнінің авторы Болат Нұрымовтың көз жұмғанын естіркен еді. Кейіннен әншінің неден қайтыс болғаны белгілі болды.
Мақпал Жүнісова Болат Нұрымовтың қайтыс болғанын білген соң, артық айтқан сөздері үшін кешірім сұраған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Арман мен Аша: Екеуміздің әндеріміз бір-бірімізге арналған
Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота көз жасына ерік берді
Қайрат Түнтеков мұхит асып, Америкаға қоныс аудармақ
Әнші Рүстем Жүгінісов отау құрып, дүркіретіп той өткізді (фото, видео)