Мақпал Исабекова көмектескен бойжеткен көлік жүргізушілеріне өтініш айтты (видео)
Әнші Мақпал Исабекова ақшалай көмектескен Әсел Қасымханқызы өз тағдырын баяндай отырып, халыққа өтінішін айтты, депхабарлайды Қазақпарат.
Әсел Қасымханқызы көлік жүргізушілерінен ішімдік ішіп, темір тұлпарды тізгіндемеуді өтінді. Бойжеткен осыдан жеті жыл бұрын көліп апатына түсіп, бір аяғынан айырылған. Дипломын алып, Талдықорғанға келе жатқан сәтте болған апат қыздың тағдырын өзгертті.
Сондай-ақ бейнероликте тағы екі адам көлік жүргізушілерінен жолда барынша абай болуын сұрайды.
Бұл шараны Алматы облысының полицейлері ұйымдастырды. Мақсаты, көлік апатының барынша алдын алып, адам тағдырына бей-жай қарамауға шақыру.
Статистикаға бойынша Алматы облысында 1599 жол-көлік апаты тіркелген. Салдарынан 338 адам көз жұмды. 2144 адам зардап шекті.
Еске салсақ, Мақпал Исабекова талдықорғандық Әсел Қасымханқызы үшін инстаграм парақшасын сатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Тағы да оқыңыз:
Түрмеде зорланған әйел ісі: Әділет полковнигі 5 жылға сотталды
Атамбаев: Мен емес, өзге елдің ісіне араласқандар кешірім сұрау керек
Алматылық өнертапқыштар көлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты