Махаббаттың залалы: Түркияның танымал актері ашынасының қолынан қаза тапты (фото)
Экс-модель Филиз Акер өзінің бұрынғы көңілдесі әрі тележүргізуші Ватан Шашмазды өлтіруді көптен ойластырып жүрген. Тәртіп сақшылары осындай шешімге келді.
БАҚ-та қылмыстың алғашқы видеосы жарияланды. Кадрда қансыраған ер адам мен әйелдің төсекте жатқаны байқалады,
43 жастағы Ватан Шашмаз жексенбі күні Ыстанбұлдың Conrad Otel қонақүйінде көз жұмды. Бейнебақылау камерасына Ватан Шашмаздың кіргені, соңынан Филиз Акердің 10-қабатқа көтерілгені анық түсірілген.
Мәліметтерге сүйенсек, Филиз Акер конақүй нөміріне бір жарым ай бұрын тапсырыс беріп қойған. Сол уақытқа табыт пен құлпытасқа да тапсырыс берген.
Филиз Акер қонақүйге кірмес бұрын ішімдікпен бірген «Ксанакс» психоторопты дәрісін ішкен. Шашмаз 2009 жылы алғаш рет үйленгенде модель осы дәріні ішіп 2011 жылы өзіне қол салмақ болған.
Жақындарының айтуынша, Акердің Шашмазға деген сезімі асқынып, дертке айналған. Тергеу нәтижесінде Акердің қонақүйге қалайша Smith&Wesson қаруын алып кіргені де белгілі болды.
Түркияда екі түрлі жағдайда қару ұстауға рұқсат беріледі. Біріншісі, қоғамдық орында ұстап жүруге, екіншісі тек үйде не кеңседе сақтау жағдайында беріледі.
Акердің қаруын үйде ұстауға рұқсат берілген. Яғни, қонақүйге кіргізуіне рұқсаты болмаған. Акер өлері алдында туыс қызы мен оның күйеуін қонақүйге кофе ішуге шақырған. Олар келгенде Шашмаз бен Акер өлі күйінде болған.
Тағы да оқыңыз:
Анасы азаптан құтқару үшін 7 жасар ауру қызын өлтіріп тастады
Өлетінін сезген азамат желіде жазба қалдырып, артынша ажал құшқан
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімов өмірінің соңғы сәттерінде Құран тыңдаған