"Мәһрге сұрағанмын": Айгүл Иманбаеваға Америкада тұратын күйеуі қымбат сыйлық жасады

Танымал әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасымен бірге Америкада тұрып жатыр. Айдана Байтұрсын есімді желі қолданушысы әншіге арналған сыйлықты көрсетті.
“Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған", – деп жазды ол.
Одан кейін әнші сыйлықтың мән-жайын түсіндірді.
“Мәһрге сұрағаным Lamborghini көлігі еді. Соны алып беруге уәде еткен. Әзірге Tesla-ны міне тұрамын. Ол жұмысқа өзінің көлігімен барады. Менің енді өз көлігім бар”, – деп ағынан жарылды әнші.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева күйеуін 15 жыл бұрын түсінде көргенін айтқан еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті