"Мәхрге салоннан көлік сұрадым": Алтынай Жорабаева екінші рет некесін қиды
Екінші рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаева күйеуімен некесін қиды. Әнші мәхрге су жаңа көлік сұрағанын айтты.
"Некемізді жаңарттық, достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын, əрине, Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік қайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер" ,- деді Жорабаева Инстаграмның Stories бөлімінде.
Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып, екінші мәрте тұрмыс құрды. Бастапқыда кіммен шаңырақ көтергенін жасырған әнші кейіннен жұбайы туралы ашық айтты. Бірге түскен суретін жариялап, жолдасының қай салада қызмет ететінін жеткізді.
"Ассаламуалейкум баршаңызға! 2020 жылының соңғы Жұмасы баршамызға мүбарак болсын! Алла берсе де қайырлысын береді. Барлық адамдарға арналған сабырмен қарап, шүкіршілік етсек, Алланық мейірімі шексіз. Баршаңызға келер жыл үмітмен, берекесімен келсін. Аллаға Шүкір! Байлықтарым", - деп жазды әнші.
- Алтынай Жорабаева Сәбиттің қазіргі әйелі туралы айтты
- Тойымыз болмаған еді: Қазақстандық ерлі-зайыпты журналист тікелей эфирде үйлену тойын өткізді
Бүгінде ерлі-зайыпты мұсылманша некесін қиды.
Желідегі қолданушылары құтты болсын айтып, тілегін арнады. Енді бірі мәхрге көлік сұраған әншіні сынға алды.
"Құттықтаймыз, жұптарыңыз жазылмасын", "Сіздерді бірге көргіміз келеді", "Қыздарыңыздың қызығын көріңіздер, ұлды болыңыздар", "Шаңырақтарыңыз берік болсын", "Некені қалай жаңартады, некені қимай ма?", "Мәхрге қымбат зат сұраған жоқсыз ба?", "Мәхрдің сыйлығы екі қойдың ақысымен бірдей болса, қайырлы болады", "Әншілер үшін көліктің құны қоймен тең болып қалды ғой", - деп жазды олар.