Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
55 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол жапондық Руи Ямагутимен жұдырықтасты. Бірінші раундта Сабырхан қарсыласын нокдаунға түсірді, ал екінші кезеңде өзі де нокдаунға түсті. Дегенмен қазылар алқасы бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осы жеңістің арқасында Махмұд Сабырхан кем дегенде қола медальді иеленді. Ямагуті турнирді 1/4 финал сатысында аяқтады. Бұл әлем чемпионаты World Boxing ұйымының аясында алғаш рет ересектер арасында ұйымдастырылып отыр.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті

