"Махаббаттың күші осы шығар": Арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы көптің жүрегін елжіретті
Фото: Видеодан скриншот
Желіде арбаға таңылған тараздық жігіттің үйлену тойынан түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео күйеу жігіт Азамат Адамбектің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Кадрлардан арбаға таңылған жігіттің қалыңдығына Қазыбек Құрайыштың “Таптым-ау сені” әнін орындап отырғанын, ал қалыңдықтың көзіне жас алғанын көруге болады.
Сондай-ақ күйеу жігіттің досы жас отбасының тура бір жыл бұрын, яғни былтыр 16 қарашада қыз бен жігіт болып қарым-қатынас бастағанын жазған.
Бейнежазба желіде тез тарап, қолданушылардың қызу талқысына түсті. Бірі нағыз махаббат жолында ешқандай кедергі жоғын жазып, жас-жұбайларға бақыт тілеген.
“Бақытты болыңыздар”, “Сіздер үшін қуаныштымын, тек бақыт”, “Қыздың бұл шешімі таңғаларлықтай екен, бәлкім біз білмейтін махаббаттың күші осы шығар. Жас-жұбайларға бақыт тілеймін”, “Мүмкіндігі шектеулі жандар тура біз секілді адам. Олардың да өз қалауы, арман-мақсаты бар. Ешкім өз болашағын білмейді, сондықтан тек бақыт тілеймін”, “Қандай сүйкімді жұп, жастар бақытты болсын”, – деп жазған олар.
Дегенмен пікір жазғандардың көпшілігі қыздың бұл таңдауын теріс бағалаған.
“Ата-аналары қайда қарап отыр? Ол мына қызға қорған бола алмайды ғой”, “Қыз болашақта өкінеді”, “Бұл енді шектен шыққандық”, “Әрине, керемет көрініс. Бірақ шындық ащы. Әйелге де, еркекке де қиын болады”, “Не үшін? Жастық шақ көз алдыңда өтетін болды. Ата-анасы неге келісті екен?”, “Мүмкін жігіттің ата-анасы бай шығар, екі жақтың үлкендері келісіп екеуін үйлендірген шығар”, “Ақшалары көп шығар”, “Ата-анасы ақша үшін қызын сатқан ба?”, “Түсіне алмайтын шығармын”, “Қыздың өз таңдауы деп үміттенемін”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін полицей күйеуі омыртқасын сындырып, мүгедек қылған қазақстандық ару адамдарды шабыттандырып жүргені хабарланған еді.
Еске салайық, танымал жұп Бақдәулет пен Құралай үйлену тойларының қалай өткенін айтып берді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр