Magnum Наурыз мерекесіне орай батырлар туралы ойын іске қосты: Қандай сыйлықтар ұтып алуға болады

Наурыз мерекесіне орай Magnum Club қосымшасында "Батырлар" атты мобильді ойын пайда болды. Бұл ойында қазақ аңыздарындағы батырлар адам бойындағы жаман қасиеттермен күреседі. Қатысушыларға тек түрлі сынақтардан өтіп қана қоймай, сондай-ақ бағалы сыйлықтар үшін бақ сынау мүмкіндігі ұсынылады.
Digital Наурыз ойын форматында
Magnum компаниясының мәліметінше, бұл жоба Мемлекет басшысының Digital Наурыз өткізу туралы үндеуіне креативті жауап ретінде іске асырылды. Компания мерекелік көңіл күйді, заманауи технологияларды және қазақтың мәдени образдарын кең аудиторияға түсінікті әрі жақын форматта біріктіруді жөн көрген. Осылайша Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштағы және бәсекелестік элементтері бар мобильді ойын пайда болды.
Бұл қандай ойын және несімен қызықтыруы мүмкін
"Magnum Батырлар" ойыны Magnum Club бағдарламасының қосымшасында Наурыз мерекесінен басталып, 29 сәуірге дейін жұмыс істейді. Ойын механикасы survival (тірі қалу) жанрында құрылған. Ойыншы кейіпкерді таңдап, қарсыластарын жеңе отырып, оның жолымен жүріп өтеді. Ойыннан сәтті өткен қатысушылар жүлделер ұтысына қатыса алады. Жүлделер арасында iPhone 17, Magnum-да сауда жасауға арналған 1 миллион теңгенің сертификаты және Dyson стайлері бар. Сонымен қатар ойынды үш кейіпкердің әрқайсысынан жеке-жеке өтіп, бірден бірнеше сыйлыққа үміткер болуға мүмкіндік бар.
Ойынды тікелей қосымша арқылы ойнауға болады. Егер ойыншы Magnum Club-қа әлі тіркелмеген болса, ол қосымшаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп, тіркеле алады. Сонымен қатар әрбір 3000 теңгелік сауда үшін тұтынушыға қосымша "өмір" беретін промокод ұсынылады. Бір сатып алғанда 5 промокодқа дейін алуға болады. Ойын барысында арнайы тапсырмаларды орындағаны үшін және науқанға қатысушы серіктестердің тауарларын сатып алғаны үшін де қосымша бонустар қарастырылған.

Жобаны пайдаланушыларды қызықтыратын тағы бір маңызды мүмкіндік – кіріктірілген адвент-күнтізбе. Тіпті ештеңе сатып алмай және белсенді промокодтарсыз-ақ, ойыншы күн сайын ойынға кіріп, серіктестер ұсынатын арнайы сыйлықтарды яғни жазылымдар мен жеңілдіктерді ала алады.
"Батырлар" ойынының кейіпкері. Иллюстрация: Мағира Тілеубердина
Батырлар адам бойындағы жаман қасиеттерге қарсы
Ойынның негізінде үш кейіпкер тұр: Алпамыс, Ер Төстік және Гауһар батыр. Әр кейіпкердің өз жолы бар, ал ойын атмосферасын дана Аяз би күшейтеді. Ол ойынның барысын түсіндіреді және ойыншыны қазақ эпосының рухына жетелейді.
Жобаның ерекшелігі – батырлардың қарсыластары кездейсоқ дұшпандар емес, адам бойындағы жаман қасиеттер екені. Magnum компаниясы бұл идеяны Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңімен байланыстырады. Өлеңде жаман қасиет ретінде өсек, өтірік, мақтаншақтық, жалқаулық пен ысырапшылдық аталады. Осы дүние ойынға қосымша мән береді, бұл тек ойын әлемінде жеңіске жету ғана емес, адамның күшті, жинақы әрі жақсы болуына кедергі келтіретін қасиеттермен күрес екенін көрсетеді.
Компанияның жобаның басты идеясы – таныс мәдени кодтарды заманауи ойын тілі арқылы көрсету және өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын құндылықтарды еске салу.

Суретші ойын кейіпкерлерін қалай елестетті
"Magnum Батырлар" ойынының визуалды әлемін өзінің ұлттық образдар мен комикс стиліндегі эстетикасымен танымал қазақстандық цифрлық суретші Мағира Тілеубердина жасады.
"Кейіпкерлерді жасағанға дейін мен батырлар туралы комикстермен жұмыс істеп келгенмін, сондықтан бұл образдар өз көзқарасым бойынша қалыптасқан еді. Суперқаһармандар туралы комикстердің стилінен шабыт алдым, бірақ бәрін өз стилімде орындадым. Кейіпкерлерді біз Magnum командасымен бірлесе әзірледік: Ер Төстік, Алпамыс және мықты әрі әсем Гауһар батыр", – дейді Мағира Тілеубердина.
Оның айтуынша, жұмыстың маңызды бөлігі тек әсерлі кейіпкерлерді салу ғана емес, сонымен қатар бөлшектер арқылы олардағы ұлттық мінезді көрсету болған.
"Мен әрдайым ұлттық бояуды көрсетуге тырысамын, бұл кейіпкерлерді ерекше ететін нәрсе. Садақ пен жебелердің, сауыттың, тіпті тұлпарлардың бөлшектері біздің мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізге сүйене отырып жасалған", – дейді суретші.
Сондай-ақ суретші зұлымдық образдарын жасау өзіне ерекше қызық болғанын айтады.
"Адам бойындағы жаман қасиеттерді бейнелейтін кейіпкерлерді ойлап табу оңай болған жоқ, бірақ өте қызықты болды. Оларға байланған көз жасадым, өйткені зұлымдық адамдарға қарамайды, жағдайды зерттемейді және шын мәнінде бет-бейнесіз", – дейді Мағира.
“Өтірік” – “Батырлар” ойынының жағымсыз кейіпкері. Иллюстрация: Мағира Тілеубердина
Мұндай жобалар не үшін маңызды
Magnum компаниясы ойын аудиторияға қазақ дәстүрлері мен құндылықтарына жаңа көзқараспен қарауға, тек оқулықтағы нәрсе ретінде емес, заманауи мәдениеттің тірі бөлігі ретінде көруге көмектеседі деп есептейді. Бұл пікірді суретші де қолдайды. Суретшінің айтуынша, мұндай жобалар ұлттық мәдениетті жаңаша, қызықты әрі тартымды түрде ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, компания үшін бұл тұтынушыларға мерекені жақындатудың тағы бір тәсілі. Оларға тек қана жеңілдік емес, сюжеті, кейіпкерлері және сыйлықтары бар толыққанды цифрлық жоба ұсыну. Компания ойында көптеген бонустар алуға болатынын және Наурыз айы мен мерекелерді тиімді өткізуге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Ойын 5 наурыздан 29 сәуірге дейін Magnum Club қосымшасында іске асады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған