Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған шыдап жүр": Қайрат Әділгерей жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтады

Танымал актер, продюсер, әзілкеш Қайрат Әділгерей туған күнін ерекше атап өтті. Ол Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өнердегі достарының басын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kairat_adilgerey/

Актердың айтуынша, туған күнін ұйымдастырған жұбайы, әнші Бақыт Тұрман көрінеді. 

“Кешегі кешті ұйымдастырған, керемет кеш сыйлағаның үшін, рақмет саған, Бахалегім! Алланың бұл өмірде маған берген ең үлкен сыйы – сенсің, Жаным! Барлығы үшін рақмет! Менің еркелігім мен нашар мінезіме шыдап жүрсің. Бұйырса, бізде бәрі жақсы болады”, – деп жазды өнер иесі. 



Одан кейін әлі де күйеуінің туған күнімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба жариялады. 

"Туған күніңмен, жаным. Бір оқырманым "Сен күйеу таңдаудан қателеспеген жансың ғой" деген еді. Иә, мен сенімен ұшып жүремін ғой. 40 жасқа толдым деп уайымдама. Өткенге қарасаң, өкінішің жоқ екеніне мән бер. Осы кезде мені боқтап тұрып, суретке түсіріп едің. Соның өзі шексіз махаббат деп білемін. Шексіз махаббатың үшін рақмет", – деп жан сырын ақтарды Бақыт Тұрман.

Фото: https://www.instagram.com/kairat_adilgerey/

Айта кетейік, актер туған күнді тойлап болғаннан кейін, “Хотя бы в кино 3” фильмінің түсіруді қолға алмақ. 

Талқылау