"Қатты ұяламын": Қазақтарды "мамбетке" теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді
Фото: видеодан скрин
Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қозғалған сот ісі аяқталуға жақын. Іс қысқартылған тәртіпте судья Арғын Құтышевтің төрағалығымен қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкім бүгін кешке жарияланбақ. Сотталушы соңғы сөзін сөйледі. Мұхамадиева соттан кінәсін мойындағанын және оның кішкентай баласы бар екенін ескеруді өтінді.
"Мен тағы да ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Маған өте ұят. Не істерімді білмеймін. Маған өте өкінішті. Соттан менің кінәмді толық мойындағанымды, шын өкінетінімді және кішкентай қызымның бар екенін ескеруді сұраймын. Адам бәрін жоғалтқанда ғана қадірін түсінеді екен. Осы жетістікке, мақсатқа ұмтылған жарыста өмір сүріп үлгермей, қызымды ата-анама қалдыратынмын. Ал қазір оның қасында болу үшін бәрін беруге дайынмын", – деді сотталушы.
Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісінде бүгін сотталушы соңғы сөзін айтты. Бұл қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы күні кеше Мұхамадиеваны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Қазыбек би ауданының прокуроры Фарида Сәдуова сотта мемлекеттік айыптауды қолдап, Мұхамадиеваның әрекетін Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру" бабымен ауыр және қасақана жасалған қылмыс деп бағалады.
"Мұхамадиева қоғам мен адамзат қауіпсіздігіне қарсы бағытталған құқықбұзушылық жасады. Осыған байланысты оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау сұралады. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін", – деді прокурор.
Сонымен қатар Сәдуова айыпталушының 2023 жылы туған баласы барын ескеріп, жазаны 4 жылға кейінге қалдыруды, бірақ баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана шегеру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Соттағы соңғы сөзінде Алика Мұхамадиева істеген ісіне өкініп, қоғамнан кешірім сұрады.
"Жан дүниемде не бар екенін мен өткен сот отырыстарында айтқанмын. Бірақ бүгін тағы да мен ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Маған өте ұят. Өкінемін, қатты өкінемін. Соттан менің кінәмді мойындағанымды, өкінгенімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді өтінемін. Білесіз бе, адам бәрін жоғалтқанда ғана бағалайды екен. Мен мұны өз басымнан өткеріп түсіндім. Мақсат пен жетістікке ұмтылып жүріп, өмір сүруге де үлгермей қалыппыз. Қызымды ата-анама тастап, жоспарларымды жүзеге асыруға тырыстым. Ал қазір барлығын беруге дайынмын, тек оның жанында болсам болғаны", – деді ол көзіне жас алып.
Үкім бүгін 17:00-де жарияланады.
Қашып кетпек болған”: Қазақстандық әйел "мамбеттер" туралы қалжыңы үшін екі айға қамалды
Еске салайық, Еске салсақ, 2025 жылдың шілдесінде желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған кәсіпкер әйел уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы жазған едік. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді