"Маған да ұсыныс айтқан": Динара Сәтжан үйінен айырылған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты тың деректі бөлісті
Тележүргізуші Динара Сәтжан құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған Қайрат Нұртастың әйеліне қатысты тың ақпаратты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/
Танымал медиа менеджер Динара Сәтжан актрисаны алтап соққан компания өкілі Диляра Тәжімбетованы танитынын жасырмады.
"Мен Диляраны танимын. Ол да маған ұсыныс жасаған. 2020 жылы амбассадор бол, бірге жұмыс істейік деген. Мен амбассадор бола аламын, бірақ маған келісімшарт керек, мен солай ғана жұмыс істеймін деп едім, ол тек ауызша келісімшарт жасайық дейді. Мен басымды ала қашып, бірден бас тарттым. Себебі ішкі түйсігімде сенімсіздік болды", – деді журналист.
Актрисаның сөзінше, Диляра өзі араласуға ниет білдіріп, жақын құрбыдай жүргісі келген көрінеді.
"Дилярамен аса дос болған жоқпыз. Бірақ ол өзі мені тартатын. Туған күндеріне шақыратын. Ол мені өзінің үйіне кіріп, заттарын бергісі келіп тұратын. Бірақ мен ондайды ұнатпаймын. Біреудің жеке шекарасына өткенді жақсы көрмеймін. Керісінше, ол бос болсаң мені үйіме жеткізіп салшы, үйге кіре салшы дейтін. Бір рет кіргенім бар, анасымен амандасып шығайын, үлкен кісі ғой деп. Бірақ екеуіміз аса бір жақын болған құрбылар емеспіз. Бірақ іші-бауырыма кіріп алғаны өтірік емес. Оның бір сондай "дарыны" бар ма, білмедім", – деді отандық киножұлдыз.
Еске салайық, "Жарнама үшін 20 миллион теңге төледік" деп Жұлдыз Әбдікәрімовамен соттасып жатқан Диляра Тәжімбетова баспасөз жиынын өткізген еді.