Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы әншіге ұлттық киімдерін кигізді (видео)

Мәдина Сәдуақасова мен әнші Ұшқын Жамалбек Моңғолияның Ұлан-Батыр, Баян-Өлгей, Қобда өңірлерінде “Арман елім-ай” концертін берді. Әншінің өнеріне тәнті болған жұртшылық оған ұлттық киімдерін кигізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ұлан-Батырда өткізген ән кешінде жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, моңғол халқының ұлттық киімін сыйға алды. Сонымен қатар әнші сахна төрінде тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.

«Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт болған соң, қазақтың салт-дәстүрі тұсаукесерді де сахнада кішкентай Айзереге жасап жібердік. Ал кейін моңғол елінің азаматтары моңғол ұлттық киімін
(шапан)кигізді», – деп жазды әншінің өзі желідегі парақшасында.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өнері мен сұлулығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырды. Кейбірі Моңғолиядағы қандастарымыздың ұлттық киімдері әдемі екенін де айтып жатты.

Оқи отырыңыз:

Ұлды болғысы келген әнші Заттыбек қалың  жұртшылықты жиып, көкпар берді (фото, видео)

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Талқылау