Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасырып жүрген Тұрсынбектің әйелін көрсетіп қойды
Таяуда танымал әзікеш Тұрсынбек Қабатов әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге түскен видеосын жариялап, жұбайының жүкті екенін айтып қойған еді. Алайда Тұрсынбектің артында тұрған жұбайы аяғының ауыр екенін жасырып қалуға тырысқан-ды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қабатовтың отбасымен бірге түскен суретін Insta-Stories-те жариялаған Мәдина Сәдуақасова ерлі-зайыптының құпиясын ашып қойды.
Суреттен байқалғандай, Мөлдірдің іші білініп қалған.

Ал Тұрсынбектің жұбайының ішіне сүйсіне қараған Сәдуақасова өзінің де сәби сүйгісі келетінін жасырмады.
«Мөлдір, маған жұғысты болсыншы», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың Адема, Айару, Айым, Нұриман атты үш қыз, бір ұлы бар.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар