Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова өзін күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты

Отандық жұлдыздар алғыс айту күнін пайдаланып өздерінің жақындарына рахмет айтуды бастап кетті. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова жарық дүние сыйлаған ата-анасына, өзін сыйлап, құрметтейтін тыңдармандарына және күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты.

садуакасова-010317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

"1 наурыз - Алғыс айту күні! Ата- анама маған осы керемет дүниенің есігін ашқандары үшін, жақындарыма, достарыма үнемі жанымнан табылатын, өнерімді, өзімді құрметтеген тыңдармандарыма, алтындай әріптестеріме, бәріне бәріне үлкен шексіз алғысымды айтқым келеді! "Хабар" арнасына да раxметім өте үлкен. Осы ғимаратта осыдан 8 жыл бұрын Олжаспен таныстық, қазір Аллаға шүкір, Әнуар ұлымыз өсіп жатыр! Осы бақытты өмірім үшін Аллаға раxмет!”" – дейді Сәдуақасова.

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова осыдан бірнеше жыл бұрын телеарна режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан. Смағұлов Сәдуақасовадан 6 жасқа кіші. 

 

Талқылау