Мәдина Сәдуақасова күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді
Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Түркиядан алған пәтерін сатып жібергенін ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Танымал жұлдызға айналып, атың аңыз болып қалу үшін жаныңды сайтанға сату керек пе?" Оқырманның бұл сауалына Мәдина:
"Мен аңыз адам емеспін. Бірақ нағыз әртіс болу үшін ешкімге ештеңе сатудың қажеті жоқ. Тек өмірді, музыканы, сахнаны, көрерменді сүю керек", - деп жауап берді.

"Сұрақтардың ішіндегі ең жәмән сұрақ. Аулақ, аулақ. Ондай пәле отбасымыздан аулақ болсын", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, Сәдуақасова Түркиядан алған үйін сатып жібергенін хабарлады. Әнші Алматыдағы баспанасын да сатылымға шығарған.