Madcup жасөспірімдер арасындағы халықаралық футбол турнирі: 2025 жылғы әлемдік деңгейдегі оқиға
2025 жылғы 21-26 маусым аралығында Испанияның Мадрид қаласындағы Атлетико де Мадрид спорт орталығында әлемнің түкпір-түкпірінен 5 континенттен, 59 елден 800 команда мен 15 000 қатысушы жиналды! Бұл — футболдың нағыз мерекесі, мұнда Атлетико Мадрид, Реал Мадрид, Спортинг, Ювентус, ПСЖ және басқа да мықты академиялар мен клубтар бақ сынады.
Қазақстан тарихында алғаш рет "Inter-Almaty" балалар футбол академиясы осы құрметті турнирге қатысып, еліміздің намысын абыройлы қорғады! Riyad Air Metropolitano ерекше стадионында біздің жас футболшылар Қазақстан туын абыроймен желбірете жүріп өтті.
Академия тек 5 жыл ғана жұмыс істейді, ал U12 санатындағы екі құрам — 13 жастағы 21 бала ең жоғары деңгейде өнер көрсетті. Олардың тобында турнирдің иесі Атлетико Мадрид, АҚШ, Колумбия және Венесуэла командалары болды.
Біздің балалар Колумбия, Мексика, Бразилия, Франция және Испания сияқты әлемнің үздік клубтарының қатарына кіретін Атлетико де Мадрид негізіндегі командаларға қарсы гол соқты.
Бұл тәжірибе — Қазақстан футболының болашағы үшін қымбат эмоциялар, мотивация және білім көзі. Біз жастарымызға сенеміз және футболымыздың дамуын қолдаймыз, себебі болашақ — біздің қолымызда!
#Madcup2025 #Kazakhstan #InterAlmaty #Футбол #ЖастарғаАрналғанБолашақ

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
