Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луврдағы ұрылардың қашып бара жатқан видеосы тарады

Фото: Видеодан скрин

23 қазан күні желіде Луврдың екінші қабатында орналасқан Аполлон галереясынан күдіктілердің қашып бара жатқан видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбадан екі қаскөйдің екінші қабаттан механикалық көтергішпен төмен түсіп бара жатқанын көруге болады. Біраз уақыттан кейін полицияның сиренасы естіледі, бірақ сол сәтте қарақшылар скутерлеріне мініп, қашып үлгерді.

NBC деректеріне сәйкес, Франция прокуратурасы бұл бейнежазбалардан хабардар және оларды тергеу материалдарына енгізген.

Бұған дейін төрт адамның Наполеон мен императрица Евгенияның коллекциясынан XIX ғасырдағы патшалық әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы жазған едік. Ұрылар небәрі 7 минут ішінде арам ойларын іске асырған. Келтірілген залал 88 миллион еуроға бағаланды. Қылмыскерлер әлі іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Парижде Лувр мұражайынан бағалы зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазған едік. Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, ұрланған жәдігерлердің міндетті түрде қайтарылып, кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты. Ал осыдан бұрын Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.

STAN.KZ
Жұма, 24 Қазан, 2025 10:31
Талқылау