Лукашенко Қырғызстанның жемқорлық үшін сотталған экс-президентін еліне қайтармайтынын айтып, әзілдеді
Коллаж: Stan.kz
Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкекке сапары кезінде сырттай сотталған Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевті еліне қайтармайтынын айтып, әзілдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрманбек Бакиев сыбайлас жемқорлық және Бішкектегі наразылық білдірушілерді атуға қатысы бар деген үкіммен сырттай сотталған еді. Ал Лукашенко экс-президент Бакиевке қатысты сауал қойған журналистерге жауап берді.
“Бакиев жақсы өмір сүріп жатыр. Кейде ол шақырса, қонаққа барып тұрамын. Сондықтан оны сіздерге бермейміз”, – деді Лукашенко қырғыз журналистерінің сұрағына жауап ретінде.
Беларусь басшысының айтуынша, Бакиев Қырғызстанды сағынып жүр.
Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы үйлерінен шығарылды (видео)
“Әкесінің қабіріне барғысы келетінін айтып жан сырын ақтарды. Қырғыздардың өз президентіне мұндай мүмкіндік бермеуі ұят жағдай”, – дейді Лукашенко.
Айта кетейік, Құрманбек Бакиев Қырғызстан президенті қызметін 2005–2010 жылдары атқарды. Ол билікке Аскар Ақаев үкіметіне қарсы “қызғалдақ революциясы” нәтижесінде келген. Алайда 2010 жылы өзі де сәуір төңкерісі кезінде биліктен кетіп, Беларуске қашып кеткен.
Бакиев 2014 жылы Бішкектегі 2010 жылы сәуірде болған наразылық кезінде, халықты атуға қатысы бар деген үкімменг сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екі жыл өткен соң сот бұл жазаны өмір бойынан 30 жылға дейін жеңілдетті. Ал 2023 жылдың жазында Қырғызстан Жоғарғы соты оны “Құмтөр” алтын кеніндегі жемқорлық ісі бойынша сырттай тағы да соттады.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның экс-президентінің ұлы мен жақтастары ұсталғаны туралы жазған едік.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді